СП "Южный"


«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ  
«Южный» ҚБ



                                           
«Жыр тамған  жүрек»
Поэзия сағаты

        



Қостанай, 2013

Мақсаты:
корнекті ақын Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерді манерлеп оқу, шығармашылығын насихаттау.
Өткізу орны:
қалалық мәдениет сарайының алаңы.
Көрнекілігі:
кітап көрме «Жанымды жырмен жалғадым, өзімді соған арнадым»
Аудитория:
№ 19, 20, 23 орта мектебінің оқушылары, тілшілер, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары, «Собеседник» клубы, Қостанай бытсервис колледжінің студенттері, аудан тұрғындары.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қауым!
Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржаның ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал. Халық арасында кітап оқуға бетбұрыс жасау, оқырман мәдениетін қалыптастыру үшін 2007 жылдан бастап елімізде «Бір ел – бір кітап» атты акция жүргізіліп жатыр.
По предложению Национальной академической библиотеки и Библиотечной ассоциации РК Министерство культуры и информации ежегодно, начиная с 2007 года, проводит акцию «Одна страна – одна книга». Акция ставит перед собой несколько задач: повысить престиж чтения в нашей стране, привлечь к книге молодое поколение, сохранить нашу самобытную культуру.
Осы жылы Қазақстанның халық жазушысы    Ф. Оңғарсынованың  «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылып отыр.      
                                               Жанымды жырмен жалғадым,
                                               Өзімді соған арнадым...
         Қадірлі қонақтар, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады. Фаризаның жырлары әрқашан жүрегіне тиеді, сезімінді қозғайды, жанынды байытады. Бір сөзбен айтқанда дауа болады.
Өмірін өлең деп ұққан, халық жазушысы Фариза Оңғарсынова Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтың тіл-әдебиет факультетін бітіріп, қазақ мектебінде ұстаздық еткен. Облыстық газеттен бастап республикалық газет-журналдарда біраз жыл түрлі қызметкер атқарған. Алғашқы өлеңдері  1958 жылы  жарық көрді. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинағы, соның ішінде балаларға арналған «Менің көгершіндерім» атты жыр-циклы,  очерктері, таңдамалы шығармалары, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
         Өлең, жыр – Фаризаның өмірі. Ол оны «дара күндерінің, нала түндерінің серігі» санайды. «Жүрегі сыздаған кезде, жаны мұздаған кезде» сырын соған ашады.
                                                  «Жыр – менің планетам;
                                бәрі осында жиғаным, тергенім де...»,    дейді Фариза.
         Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлендерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы.
Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
ешкімге бұл сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін
қастерлі қасиетің жырлап бағам.
         Имя лауреата Государственной премии Республики Фаризы Унгарсыновой знакомо даже тем, кто никогда не читал ее произведений. Уже много лет народный поэт Казахстана отстаивает и защищает права Матери и Женщины. Она дважды избиралась депутатом в Мажилис Парламента, где запомнилась своей прямотой, принципиальностью. Благодаря ее настойчивости были приняты законопроекты, касающиеся прав и защиты детей и материнства. Несмотря на свою активную гражданскую деятельность, Фариза Унгарсынова никогда не прекращала писать стихи. Уже много лет ее произведения известны, любимы и читаемы во многих странах. Фариза – признанный мастер, автор дорогих сердцу лирических стихов, поразительных по силе духовной энергии. В ее стихах много философии, размышлений. Прикоснемся и мы к поэтическому источнику Фаризы Унгарсыновой.
         Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Ол кісінің өлеңдері әр тындаушының жүрегіне терең ой салып, шабыттандырады. Бүгінде арамызда Фариза апамыздың өлеңдерін оқитындар табылатың шығар.          
(чтение стихов)
Құрметті қауым, сіздердің назарларыңызға Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған көрмені ұсынып отырмыз. Бұл көрмеде 2002 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Дауа» атты өлендер жинағы, 2004 жылы Астана қаласында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы», «Мен саған ғашық емес ем...» атты өлеңдер жинағы 2009 жылы Алматы қаласында жарық көрген, әдебиет тарихын зерттеуші, академик Серік Қирабаевтың «Тәуелсіздік рухымен» атты кітабындағы «Фариза туралы сөз». Бұл кітап Астанада 2002 жылы басылған, «Астана» журналындағы 2008 жылғы екінші нөмеріндегі «Фариза және оның ақын сіңлілері» атты жыр кеші туралы мақала, «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты Ф. Оңғарсыновамен сұхбатты «Жұрағат» атты журналынан 2010 жылы шыққан үшінші номерінен оқи аласыз.
Өнер адамы үшін ең үлкен мәртебе – халқына қажеттігі. Осы биіктен көрінетіндіктен де Фариза Оңғарсынованың «өрлік пен қайғы суарған өжет жырларына өлім жоқ». 
Сау болыныздар! До новых встреч!
(песня «Жақсы көру» на слова Ф. Онгарсыновой).




Әдебиеттер тізімі:

1. Қарағызұлы, Бауыржан. Өлеңін аялаған өр ақын [Мәтін] / Бауыржан Қарағызұлы // Астана. – 2008. – № 2. – Б. 41-42.
2. Қирабаев, С. Тәуелсіздік рухымен [Мәтін] / С. Қирабаев – Астана : Фолиант, 2002. –  317-321 б.
3. «Өлең, мен сені аялап өтем...» [Мәтін] // Жұрағат. – 2010. – № 3. – Б. 2-5.
4. Оңғарсынова, Ф. Дауа [Мәтін] / Ф.Оңғарсынова. – Алматы: Атамұра, 2002.
5. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы. Т. 1. Өлендер дастандар [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова. – Астана : Атамұра, 2004.  – 320, [4] б.
6. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы. Т. 5. Балалар әлемі [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова. – Астана : Атамұра, 2004.  – 308, [4] б.
7. Соловьева, В. Литературная гостиная «Алмазный мой клинок» [Текст] : [по творчеству Ф. Унгарсыновой] / В. Соловьева // Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе. –  2010. – № 1. – С. 28-32.
8. Унгарсынова, Ф. Нежность [Текст] : стихи / Ф. Унгарсынова. – Алма-Ата : Жалын, 1977. – 120 с.


  

Орындаған: Тимербаева Ж. К.               

Комментариев нет:

Отправить комментарий