СП "Конай"

«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ
«Қонай» ҚБ


«Әсем жырдың еркесі»

әдеби–сазды кеш




Қостанай, 2013 

Мақсаты:                
Ф. Оңғарсынованың ақындық өнерін насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Ақын шығармашылығы арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиедеу.
Көрнекіліктер:      
кітаптар, ақынның портреті.
Қатысушылыр:     
мектеп ұжымы, оқушылар.

Жүргізіші:                Сәлеметсіңдер ме құрметті оқырмандар!
Хош келдіңіздер!
Құртетті қонақтар Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналады. Жалпыға ұсынылған кітапті қауым қызығушылықпен оқиды және өмірбаяны мен шығармашылығымен танысады. Жыл сайын қауым ұйымдастыру комитетінің шешімін және қазақ әдебиетінің шығармасын асыға күтеді.
21 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясының ұымдастыру комитетінің отырысы болды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның  “Дауа” атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шығарғандықтан оның жырларында әлеуметшілік пен азаматшылық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Оның өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстары дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Фариза Оңғарсынованың бүгінгі күнге жейін Қазақстан поэзиясының дамуына өз үлесін қосып келеді, ол “Тұмар”республикалық әдеби-көркем журналының бас редакторы бола отырып, дарынды жас әдебиетшілерге қолдау көрсетеді.
Поэзия падишасы атанып, ешкімге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән Әлемімен дараланып, азабы мен қайғысын, қатесі мен жеңісін, қиындау тағдырын бөліскен, сенімі мен серігі болған киелі өлеңді саялап, аялап  келе жатқан асау арын, дара дарын, тума талант иесі – Фариза Оңғарсынова.
Фариза Оңғарсынова 25 желтоқсан 1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында туған. Ф. Оңғарсынова – ақын, Қазақстанның халық жазушысы. ҚР мәдени – ағарту ісінің еңбек сіңірген қызмекері. 1996-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты-
Жанымды жырмен жалғадым,
Өзімді саған арнадым..
деп жүрегі жыр боп  соғып,
таңдайынан таза сезім төгетін ақын.
Ұстаз өлеңі оқылады.
Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан көңіл –
 күй сезіледі. Оның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды, аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күшіндей ыстық, таудай биік, асқақ.
(Ән: “Жайықтың толқындары”).
Қазақ даласы өзінің жырымен сусындырған қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі.
Жүргізіші:               
Ақын Фариза өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясы Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергеноа. Жүмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиевтың буыны батыл әкелген драматизм мен трагизмге толы лирикалық әуенді, философияны одан сайын бойыта түсті. Ол өзінің көркемдік әлемімен солардың тасасында қалып қойған жоқ. Әріптес ағаларының өкшесін баса жүріп, өлеңдегі өз өлкесін тауып, өз күмбезін тұрғызып, өз көркемдік әлемін оқырмандарына тамаша көрсетті, тамаша мойындатты, әрі табындырды. Сондықтан шығар, аңызға айналған ақын Фариза Оңғарсынова өзінің поэзия Патшайымы атты рухани тағы мен тәжін лайықты түрде заңды алып отыр дейміз. Өйткені ұлы Мұқағали Мақатаев:
Фариза. Фариза ақын, Фариза қыз!
Дүниеде ақындардың бәрі жалғыз,-
Деп бекер айтпаған. Бұл жолдардың өмірлік тиесілі нақты ақиқаты да әсте күдік тудырмайды.
(Ән – “ Фариза” М. Мақатаев).
Енді бірде:                           Ертеңдерді, жерді ойлап.
   Адамды ойлап, елді ойлап;
Жер күрсінсе көз ілмей,
Жаны ауырған өзімдей,
Күнмен бірге күлмесем,
Мен осылай жүрмес еле,
Өнер дертін білмес ем! –
деуінде қаншама шындық, қаншама мақсат, қуат, парыз жүгі жатыр. Фариза ақын кемел лирикалық туындыларын, жаратылысынан сіңірген, және мұрагерлік етіп, тіршілігінде жалғастырып келе жатқан ана махаббатпен жазғандықтан Поэзия патшайымы айналып отыр.
Әлденеден мұңайған кезде, біреудің пысықтағынан жүрегі мұздаған кезде, кешегі досының сырт айналғанын көргенде, шын ақындықтың жарылып кетердей болған кезінде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, дәрі, дауасы – поэзиясы болмақ.
Көңілді жайлы күнумде
Азапты қайғы – мұңымды
Өзіммен бөлгенім үшін
Қатем мен жеңістерім үшін
Өлең, мен сені аялап өтем-дегенді
Фариза ақын қазақтың
салт-дәстүрінің ізімен бата-тілек
Жазған. “Ұл балаға бата’, “Қыз балаға бата” деген де Фаризаның өлеңдері бар.Фариза жырлары автордың мұңды күйлерін түйіндістіре толғаудан туады. Оның ойлары халықтың жарқын тіршілігі адалдық, әсемдік туралы арман- мұратқа ұмтылады. Бірақ оған Жетісудің жолы оңай емес. Адам баласы өмір бойы осы ізгі арман үшін күресіп келеді. Фариза басына жиналған ойда, одан туындайтын мұң да осының жалғасы. Сондықтан ол өмірдің, адам жанының күрделігін жырлайды, өзін палытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.
(«Мол арман» өлеңі оқылады).
Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушыны өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып, шабыттандырады.
Фариза Оңғарсынова ақынға арналған өлең жолдары – жүздеген. Мысалы «Ақын әлемі» шығармалар жинағынан оқуға болады. Ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да таза, ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын. Фариза- шынайы ақын.
«Бір ел- бір кітап» акциясы бойынша өмірін өлең деп ұққан қазақ жырында өзіндік ақындық әлемінен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Ф. Оңғарсынова арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.





Әдебиет тізімі:

1. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы. Т.8. Эсселер, мақалалар [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова. – Астана : Атамұра, 2004. – 301, [3] б.                                                                                  2. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы. Т.10. Аудармалар [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова. – Астана : Атамұра, 2004. – 364, [2] б.                                                                                                                             
3. Оңғарсынова, Ф. Дауа [Мәтін] : өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. – Алматы : Атамұра, 2002. – 288 б.           



  
Орындаған: Саренова Р.М.

Комментариев нет:

Отправить комментарий