ЦГБ им. Н. Островского

«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ
Н. Островский ат. ОҚК






«Өлеңмен өрілген
 өр кеудесі»

қуанышты оқудың
 минуттары


                                                          


                                                      Қостанай 2013

Мақсаты:
Поэзия падишасы Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға тереңдеде таныстыру. Рухани мұрамызды сақтау, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, ана тілге деген құрмет және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Аудитория:
Қостанай гуманитарлық колледжі I- курс студенттері, ҚМУ студенттері және кітапхана оқырмандары – 56 адам.
Құрылғылар:
экран,проектор.
Көрнекілік:
 «Поэзия падишасы» кітап көрмесі,   ауди -үнтаспа
Өткізу орны:
Н. Островский ат.ОҚК оқу залы.

Ән: Сөзі: М.Мақатаев, Әні: Ә,Тінәлиев «Фаризажан».
Ведущий:
В исполнении студента КЭК Укапова Тлектесавы прослушали песню «Фаризажан» на стихи М.Макатаева, а посвятил поэт стихи Ф. Унгарсыновой,  встреча их произошла случайно на улицах Алматы. Фариза Унгарсынова ехала на служебной машине с отчетом  в ЦК Комсомола и вдруг увидела, что по тротуару идет знакомый поэт. Она тут же попросила водителя  остановиться и предложила подвезти. Случайная встреча. предопределила их крепкую дружбу. После их знакомства поэт посвятил Онгарсыновой стихотворение «Фаризажан».
Жүргізуші:
Бүгінгі біздің іс-шарамыз Республика бойынша өткізіліп отырған «Бір ел – бір кітап» акциясына арналады. Ацияның тарихына көз салсақ, жобаның идеясы АҚШ-та Вашингтон штатына қарасты Ситэл кітапханасы ұсынды.1998 жылы Ситэлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыды.Оның негізгі мақсаты қаланың тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға, және ұжым болып, отбасында , жұмыста басқа да қоғамдық орындарда оқуға бағытталды.
Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасы әлемдегі көптеген елдерде кең тараған. Осы жобаны біздің еліміз 2007 бастап өткізіп келеді.
Акцияның мақсаты: рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық, сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
(А.Еңсепов –«Детство» күйі ойнап тұрады ақырын).
 2007 жылы Қазақстан бүкіл ел болып Абайдың «Қара сөздерін»оқыды.
 2008 жылы М.Әуезовтың «Қилы заман» повесі,
 2009 жылы М.Жұмабаевтың «Жан созі» өлеңдер жинағын,
 2010 жылы Ж.Молдағалиевтың «Мен -қазақпын» атты поэмасы ұсынылды.
 2011 жылы Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы,
2012 жылы О.Бөкеевтың «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесін оқыған болатынбыз.

Ведущий:
В этом году по решению оргкомитета акции «Одна страна одна книга» для всеобщего прочтения был предложен сборник лирических стихотворений «Дауа» - «Откровение» (на экране книга, портрет) народного писателя Казахстана, лауреата государственной премии РК, лауреата премии им. К.Симонова, номинанта Золотой Есенинской медали ФаризыУнгарсыновой.
         Уважаемые читатели, сегодня нам с вами предстоят минуты радостного чтения, минуты счастливого чтения, возможность послушать сокровенные мысли поэтессы, ведь сборник называется «Откровение».
«Какое счастье
Говоря без слов,
В тайное проникнуть,
Читать любви нечитанную книгу,
Где наслажденьем дышит каждый слог».
Ведущий:
Родилась Унгарсынова 25 декабря 1939 года в ауле Манаш Новобогатинского района Гурьевской области.
«В далекой жизни, что зовется детством,
Все было новым:
ветра поцелуй,
песков сыпучих грозное соседство,
шум дождевых, поющих землю струй.
И горсть песка безводного Нарына,
И первой строчки тонкий стебелек.
Той цельной жизни острые осколки
в моей душе засели глубоко.
Идти! Идти! Идти!
Пройду хоть сколько
детство все недалеко», -
так вспоминает о детстве поэт.
просмотр видео
Жүргізуші:
Ф. Оңғарсынова – өзінің бүкіл шығармашылық еңбегімен, шынай талантының ірілігімен поэзия патшайымына айналған бақытты тұлға! Қазақ поэзиясында негізгі тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: туған жер,ел, достық пен сүйіспеншілік, табиғат, махаббатты жырлайды. Жырлары туған халқын сүюге, құрметтеуге, салт-дәстүр мен мәдениетті қастерлеуге шақырады. Оған дәлел ақынның «Сандуғаш», «Асау
толқын», «Жүрек күнделігі», «Шашы ағарған қыз», «Дауа» атты жинақтарындағы лирикалары, поэмалары толық дәлел бола алады.
Дара күндерімнің,
Нала түндерімнің
Серігі болғаның үшін
Мен сені аялаймын.
Біреудің пасықтығынан,
Біреудің жасып мұңынан
Жүрегім сыздаған кезде,
Жаным мұздаған кезде,
                                                 Мен сені аялаймын, -
деп ақын өзі жырлағандай,  олай болса бүгінгі акцияға арқау болып отырған «Дауа» кітабына енген жыр жолдарын оқып беруге Қостанай гуманитарлық колледжінің, «Тұмар» клубының  мүшелерін ортаға шақырамын.
1-ші студент
«Өмір сүріп жүр екем бекерге мен»
Өмір сүріп жүр екем бекерге мен,
Кешсем де азап, арманға жетем деп ем.
Жүретінмін көңіл тоқ- жырым бар деп,
Кәрі – жастың жүрегін мекендеген.

Бүгін барлап қарасам: ұят қандай
Өлген артық өлексе сияқтанбай
Жыр жарыста жүріппін жүйрікпін
Өрден өрге шабатын тұяқ та

Болмашыны бақыт деп қуан
Сәл нәрсеге жүдеппін, жыланыпты
Мұра көріп майысқақ жолдарымды,
Тұрмын деппін төсінде жыр алыптың.

Рахатты тұл еткен құрсын әнім,
Қызыл судың көбігі – жырсымағым
Жасырындар жер таппай содан, міне,
Ар алдында өлердей қымсынамын.

Енді үңілсем: жер басқа, аспан да ерек.
Күштер де өзге жүретін жасқап, жебеп
Тегі маған азабын, ақыретін-

Бәрін- бәрін қайтадан бастау керек!
2 –студент
«Қоңыраулатып көктемдер келді маған»
Қоңыраулатып көктемдер келді маған:
Айналғандай бақтарға желді далам.
Бұл күйімді кешті ме, кешірер ме
Осы күнгі, бұрынғы, ендігі адам?!

Нұрланады сайда да, белде де арай,
Жерде мекен бар ма екен кең даладай?!
Қанат қылып жанымның қуаныш
Ұшып келем аяғым жер жанамай.

Анау – аспан, анау – Күн күлімдеген,
Көңілім – құс, көзде – нұр, діріл – денем.
Ән шырқағым келеді бар ғаламғ
Шаттығымды сездірер үнімменен.


Жүрегімде бір нәзік шуағым бар,
Шуағым бар жоя алмас су – ағындар.
Ей, тауларым, кең далам, серпіліңдер,
Менің құанышыма қуаныңдар!

3 – студент
«Білемін: Сүйем сүйсем әйтеуір құлап - талып»
Білемін: Сүйем сүйсем әйтеуір құлап – талып,
Дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен мен түсінер жай туралы
Көргенім жэоқ ешкімге сыр ақтарып.

Сені аңсаймын көзімнен жас ағыла,
Көбейді ғой бұл күнде шаш ағы да.
Сыр ашпаймын еш жанға. Шағынғанда
Біреу сенің орныңды басады ма...

Сезім қолдан ешқашан жасалмайды
Жасағандар ұзаққа аса алмайды,
Не алдасып бір – бірін күн кешеді

мен ондайға көнбесім қашан да әйгі.

Мен сондаймы
Сүйсем егер, ғұмырлық сүйіп кетем.
Жұрқа менің жүрегім – тұйық мекен.
Аласарсам, ешкімге ұқсамайтын
Сезіміммен көңілді биіктетем.

4 – студент
«Жарқылдап жанарымда бір от мені»
Жарқылдап жанарымда бір от менің
Кешуге бел байлатты жыр өткелін.
Осынау бұрқанысты дариядан
білмеймін кімдер батып, кім өткенін
кімдерді тербеп, кімді жүдеткенін.

Көбемді қақыратып шыр еткен үн,
Жүгірдім туғызам деп түнекке күн.
Жабығып жүдегенге бір шапағат
Тигізсем деген жалғыз тілекті едім.
Әйтеуір жүрегім мен жанды күйттеп,
Күркемде күйбелеңдеп күнелтпеді

Сонда да сәуле шашып жарытпадым
Атса да қалжыратып талып таңым.
Бәрібір шөлейттегі түйір дәндей-
Жан салып жүгіргенім, тарыққаным.
Қол қысқа, жатағаным – кейде мені
Биік қып көрсеткенмен халыққа әнім.

Өрем деп өлмес жырдың от өрнегін
Майысып заман жүгін көтергенім,
Қайғырып басқа мұңға, жақтырмадым
Жүрісін жымысқының, жөтелгенім,
Білмеймін бақ па қонған, қасірет пе –
Әйтеуір дауыл өтті – мекен – жерім.
Өзге мұң, өз жырымның ортасында

Өмірім өртенумен өтер менің

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсен менше сүй,     
 -деп Абай атамыз жырлағандай
Қостанай экономикалық колледжінің студенті Тілектестің орындауында «Адай» күйін тыңданыздар!
Ведущий:
Творчество Унгарсыновой отличается широтой тематикой. А. Тажибаев сказал о творчестве Унгарсыновой: «Творения Фаризы не похожи ни на чьи из мира поэзии, настолько они самобытны и индивидуальны».
А сама поэтесса говорит о своей поэзии:
«Пишу тоской, своей звездою,
Пишу на поле бороздою,
И совестью своей пишу,
Дыханьем, болью разлитою,
Стыдом, досадою, мечтою
Всем чем живу, всем, чем дышу».
(На экране пустынные, бескрайние степи, древние камни на могилах, звучит музыка, слова за кадром)
Крайний Запад Казахстана, кругом пески, ни родника, ни ручья, ребенком Фариза мечтала о большой воде, о расцвете пустынного края.
«Родная земля,
Манит жизни тропа,
Но как не забросит далеко от дома
Отчаянней птицы,
инстинктом ведомой,
лечу к тебе
ты мне и мать и судьба.
Пространство пустыни
с пустыней небес
пришельцы за скудость могли урезонить,
а мне ты с рожденья досталась,
как совесть
на чаше поступков
решающий вес.

Мне дорого все здесь:
сказанья, пески,

   Обветренный камень у древней могилы…
Живою водой ты слова напоила,
Сквозь сердце
Любви пропустила ростки».
Ведущий:
Поэзию Унгарсыновой отличает неповторимое соединение женственности и мужества, строгости и нежности, уверенности и доверчивой беззащитности. С. Баруздин писал о том, что, читая стихи Унгарсыновой, читатель постигает сокровенный смысл сердцем, а только потом разумом.
Для Унгарсыновой органично слияние с природой, чувство гармонии с ней, выросшая на Каспии, поэтесса чувствует себя его дочерью.    Послушайте стихотворение  «Рыбачка»:
«Я в лодке качалась с младенчества,
как в колыбели,
и волны – подруги и сестры
играли со мной.
Над морем веселым
порой небеса голубели,
И волны порою вставали огромной стеной.
ЯКаспия дочь,
Я с рожденья верна его делу,
А линии рук моих
Тайнами моря полны.
Душа хоть нежна,
Но в броне закаленного тела
Суровой покажется
Взгляд мой сильнее волны.
Ведущий:
Поэтесса ликует, когда природные стихи проявляются бурно, ощущая себя частицей взбунтовавшегося моря, степной грозой, рекой в половодье, неслучайно она заявляет: «С землей степи стихи мои в родстве».
И, может быть, самое сокровенное  желание выражено в следующих строчках. Вашему вниманию  студенты Костанайского Государственного Университете им. А. Байтурсынова  прочитают стихи Фаризы Онгарсыновой.
Чтец 1:
«Взбунтуйся, море!»
Взбунтуйся, море!
Море –  безответно
Такая тишь звенит цепной тоской.
Я призываю северные ветры:
Пусть рухнет синь,
гармония, покой.
Хочу учиться с ветром в шкале шторма!
Бунтуй! Топи спокойствие в волнах!
Пусть волны скачут, овладев простором,
 Как девушки в степи на скакунах.
И я темнею тучей грозовой,
Не выдержав спокойного томленья.
Хватило б жизни на одно мгновенье –
Блеснуть, как молния, над синевой».
Чтец 2:
«Приветствую живых родных и близких!
Я – дочь твоя, мой край родной!
Старейшины, мужи, поклон вам низкий,
За то, что вы гордитесь мной!
Чтец 3:
Я избрала нелегкий путь поэта,
Стихами воспевая подвиг твой,
К тебе я шла за музой и советом,
Все достояние мое – стих о земле родной!»
Жүргізуші:
 Ақын өлеңдерін үлкен де кіші де сүйсіне оқиды. Өйткені өлеңдердің мағынасы терең мазмұнды, кез келген адамның жүрегіне қона кетер қарапайымдылығында жатса керек. Фаризаның досы сенері, мұндасы, сырласы, дәрі, дауасы – поэзия.
Көнілді жайлы күнімде
Апаты қайғы – мұнымды
Өзіммен бөлгенім үшін
Қатем мен жеңістерім үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!
Студент
«Қуанышты мендегі»
Қуанышты мендегі
Сенің қайғын улайды

Ешбір адам жердегі
Білмейді бұл мұң жайлы.

Сүйсе, бақыт емес пе –
Мен біреуге тәттімін.
Түсесің де сен еске
Сап болады шаттығым.

Аяз шарпып денені
Сүйген болам бекер кеп
Сені іздегім келеді
Қай жерде отыр екен деп.

Сен жайлы ойды жасқадым
Қалмасын деп ол біліп.
Құшағында басқаның
Сені ойлаймын. Сорлылық.

«Поэзия падишасы» атты кітап көрмесіне шолу
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер мүмкін орталарыңызда ақынның өлеңін сүйіп оқитын оқырмандарымыз бар шығар, осы сәтті пайдаланып, сіздер де жыр жолдарын оқып берулеріңізге мүмкіндік туып отыр.
Жүргізуші:
 Фариза апамыздың өлеңдеріне жазылған әндер де тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Өлеңдері талғамы биік жұртшылықтың көңілінен шыққан. Мысалы: ақынның сөзіне жазылған әндерді Қазақстанның халық әртісі М. Жүнісова, талантты әншілер С. Қалымов, Г. Ақүрпекова, және тағы да басқалары орындап, ақынның мәртебесін көтеріп жүр.
Үнтаспадан ақынның өлеңіне жазылған ән тыңдалады.
Жүргізуші:
 Ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да таза, ары да таза ерлерге лайық биіктерге ғана көрінген ақын,
Жыр – менің жалғыз тарланым
Аялап өтер ардағым,
Талықсып атар таңдарым,
Айындай жалқы арман – үн:
Қарқылдай берсін қарға мұң,

Бұрқатсын боран – шаңдарын,
Тарттырсын дүлей зардабын,
Жанымды жырмен жалғадым
Өзімді соған арнадым, -
 деп ақын өзі жырлағандай
қашанда сол биігінен көріне берсін, -
деген игі тілікпен бүгінгі іс-шараны тамаша әнмен аяқтаймыз.
Ән: Тойға шашу.













Пайдаланылған әдебиттер:
Шығармалары:
1. Он томдық шығармалар жинағы. [Мәтін] : балалар әлемі: 5 т. / Ф. Оңғарсынова. – Астана: Атамұра, 2004. – 308, [4] б.
2. Он томдық шығармалар жинағы. [Мәтін] : жүректер тілдескенде: 6 т.  / Ф. Оңғарсынова.- Астана: Атамұра, 2004. – 362, [4] б.
3. Он томдық шығармалар жинағы. [Мәтін] : эсселер, мақалалар: 8 т. / Ф. Оңғарсынова.- Астана: Атамұра, 2004. – 301, [3] б.
4. Шашы ағарған қыз [Мәтін] : мақала, эссе, повестер / Ф. Оңғарсынова. - Алматы: Жазушы, 1990. – 336 б.: суретті.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары:
1. "Қалғып кетпе, қазақы қанағатым" [Мәтін] : [жазушы, ақын Жүрсін Ерман : суреті бар] / Ф. Оңғарсынова // Айқын. – 2012. - 2 қазан. – Б. 5.
2. Шыққан күндей жарқ етіп [Мәтін] : [ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы : суреттер бар] / Ф. Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. – 2010. – 6 шілде. – Б. 10. 
3. Шыққан күндей жарқ етіп [Мәтін] : [ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы : суреттер бар] / Фариза Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. – 2010. – 6 шілде. – Б. 10.
4. Оңғарсынова, Фариза. Талант [Мәтін] : [әнші Б. Төлегенова туралы] / Фариза Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. – 2009. – 15 желтоқсан. – Б. 5.
5. Оңғарсынова, Фариза. Министр [Мәтін] : [әділет министрі Зағипа Балиева] / Фариза Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. – 2009. – 13 қаңтар. – Б. 5.
Мақалалар, сұхбаттар, әңгімелер:
1. Мұқағали және Фариза [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова ; әңгімелескен Жақыпжан Нұрғожаев // Егемен Қазақстан. – 2013. - 25 қаңтар. – Б. 6.
2. Ахметова, З. Жаныма жақын апа [Мәтін] : [өлең : ақын Ф. Оңғарсыноваға] / З. Ахметова // Қостанай таңы. – 2012. – 19 қыркүйек. – Б. 8.
3. Фариза Оңғарсынова, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Оғыланды [Мәтін] : [өлең] // Жұлдыздар отбасы. – ("Аңыз адам" қосымшасы). – 2012. – № 14, шілде. – Б. 5.
4. Қаражанова, Ә. Жыр – менің жалғыз тарланым [Мәтін] : [ақын Ф. Оңғарсыноваға арналған кеш] / Ә. Қаражанова // Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе. – 2012. – № 3. – Б. 26.
5. Дауылбаева, Г. Поэзия падишасы [Мәтін] : [ақын Ф. Оңғарсыноваға арналған кеш] / Г. Дауылбаева, С. Жолдаспаева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. – № 1. – Б. 28-32.
6. Фариза Оңғарсынова, ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері: Мен Елбасының саясатын қолдаймын [Мәтін] : [сайлау - 2012] / жазып алған Қаншайым Байдәулет ; Ф. Оңғарсынова // Айқын. – 2012. – 16 қаңтар. – Б. 5.
7. Әбсаттар, Мәриям. Фариза қыз Арқадан келіп, Алатауға бас иді [Мәтін] : [Алматыда ақын Ф. Оңғарсынованың кеші өтті] / Мәриям Әбсаттар // Алаш айнасы. – 2010. – 27 қаңтар. – Б. 5.
8. Мұқанова, Шарипа. Фариза – поэзия әлемінде [Мәтін] : [ақын Ф. Оңғарсынова туралы] / Шарипа Мұқанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – № 12. – Б. 106-112.
9. Тарази, Әкім. Фариза қыз [Мәтін]  : эссе / Әкім Тарази // Егемен Қазақстан. – 2009. – 25 желтоқсан. – Б. 5.
10. Тұрмағанбетов, Н. Астана атақты ақынын ардақтады [Мәтін] : [көрнекті ақын, халық жазушысы Ф. Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойы] / Н. Тұрмағанбетов // Қостанай таңы. – 2009. – 8 желтоқсан. – Б. 8.
11. Сұлтанов, Қуаныш. Бақытты ақын [Мәтін] : [ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова] / Қуаныш Сұлтанов // Егемен Қазақстан. – 2009. – 1 желтоқсан. – Б. 5.
12. Дүйсенбайұлы, Есенбай. Ақындық қызмет [Мәтін] : [Фариза Оңғарсынова һәм ұлттық рух] / Есенбай Дүйсенбайұлы // Қазақ әдебиеті. – 2009. – № 36 – 21-27 тамыз. – Б. 1, 7.
13. Какенова, Г. Н. "Зула, менің жыр-күймем, шабыт жегіп, жер бетіне ғұмырлы жарық беріп" [Мәтін] / Г. Н. Какенова // Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе. – 2009. – № 6. – Б. 11-12.
14. Қарағызұлы, Бауыржан. Өлеңін аялаған өр ақын [Мәтін] : [ақын Ф. Оңғарсынова туралы] / Бауыржан Қарағызұлы // Жаңа Сарыарқа. – 2009. – № 4. – Б. 3-5.
15. "Бір ел - бір кітап" акциясы [Мәтін] : [Хабар] // Қостанай таңы. – 2008. – 26 қыркүйек. – Б. 2.
16. Тоқсанбай, Қ. Егеменнің елорда тойына тартуы [Мәтін] / Қ. Тоқсанбай // Егемен Қазақстан. – 2008. – 4 шілде. – Б. 9.

Произведения:
1.   Алмазный клинок [Текст] : стихотворения  и поэмы / Ф. Унгарсынова ; авториз. пер. с каз. Т. Фроловской ; [вступит. слово С. Капутикян]. – М. : Худож.  лит., 1985. – 259 с.
2.  Полдневный жар [Текст] : стихотворения и поэмы / Ф. Унгарсынова ; [авториз. пер. с каз. Т. Фроловской ; предисл. С. А. Баруздина]. – Алма-Ата : Жазушы, 1980. – 256 с.
3.  Тревоги [Текст] : [стихи] / Ф. Унгарсынова ; пер. с каз.. – М. : Молодая гвардия, 1979. – 79 с.
4.  Песнь рыбачки  [Текст] : [стихи] / Ф. Унгарсынова // Антология казахской советской поэзии / [сост. Ж. Омирбеков, С. Санбаев]. – Алма-ата : Жазушы, 1972. – Т. 2. – С. 401-405.
Литература о ней:
1.  Джуанышбеков, Н. Фариза Онгарсынова. Очерк жизни и творчества  [Текст] / Н. Джуанышбеков. – Алматы, 2004. – 27 с. – (Серия «Творческий портрет писателя»).
2.  Даулбаева,  Г. Т.  Ее стихи блистают совершенством [Текст] : [сценарий лит.-муз. вечера на двух яз., посвящ. Ф. Онгарсыновой] / Г. Т. Даулбаева, С. Е. Жолдасбаева // Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе. – 2012. – № 2. – С. 24-27.
3.  Соловьева, В. Литературная гостиная "Алмазный мой клинок" [Текст] : [посвящается поэтессе Ф. Унгарсыновой] / В. Соловьева // Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе. – 2010. – № 1. – С. 28-32.

Публикации в периодических изданиях:
1.  Бейсембаева, Алма. Любимая, поистине народная [Текст] : [Фаризе Онгарсыновой исполнилось 70 лет] / А. Бейсембаева; фото Дины Даутбековой // Юридическая газета. – 2010. –  28 января. – С. 8.
2.  Сагандыкова, Нагима. Переводы из Фаризы Унгарсыновой и Мукагали Макатаева / Н. Сагандыкова // Литературный Казахстан. – 2010. – № 2. – С. 187-197.
3.  Награды нашли поэта [Текст] : [казахст. поэтесса Ф. Унгарсынова удостоена звания лауреата премии им. К. Симонова и Золотой Есенинской медали] / ред. газ. "КП" ; фото Игоря Бургандинова // Казахстанская правда. – 2009. – 23 декабря. – С. 12.
4.  Шериязданова, Куралай. Выставка к двум юбилеям [Текст] : [в Нац. академич. библиотеке РК состоялась презентация выставок, посвящ. 70-летию нар. писателей Казахстана А. Кекилбаева и Ф. Унгарсыновой] / К. Шериязданова // Казахстанская правда. – 2009. – 27 ноября. – С. 12.





Орындаған: Маканова Ш.Б.

1 комментарий: