СП "Западный"


«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
«Западный» ҚБ




Жыр байқауы
«Мен саған сыр айтамын»
(Ф.Оңғарсынова «Дауа»
 «Бір ел – бір кітап»
акциясы)





Костанай 2013

Мақсаты:
қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту. Кітап оқуды дамыту жастарды білімге тәрбиелеу, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
«Жүрекке жететін сөздер» атты тақырыпта слайд, кітап көрмесі, үнтаспа.
Қатысушылар  категориясы:
КТЭК тің 1ОПУ-25 тобының 1-курс студенттері.

Жүргізуші:
Сәлеметсіздерме құрметті  қонақтар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, студенттер!
Ойсыз адам – суретшідей қаламсыз,
                                 Оятпаса ой да ұйықтайды алаңсыз,
дегендей қазіргі ғылым мен технологияның қарыштап дамуы кезінде көбіміз кітап оқуда кенжелеп қалдық. Бүгінгі біздің іс-шараға жиналып отырған себебіміз «Бір ел – бір кітап» акциясына байланысты болып отыр. Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясына 7 жыл. «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та «Бір ел – бір чикого» және Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бұл елдің тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге тараған (Испания, Америка, Корея т.б.).
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту. Кітап оқуды дамыту жастарды білімге тәрбиелеу, оқу мәдениетін қалыптастыру.  Кітап – оқу білімнің қайнар көзін ашатын адамның айнымас серігі, өмірі. Қазіргі кітапханалар – кітаптардың қоймасы ғана емес, ол біртұтас мекемені қалыптастыратын теңдесіз орта. Сондай-ақ кітапты, кітап оқуды насихаттайтын бірден-бір мекеме. Осындай ұстаныммен 2007 жылы Астанада «Оқитын ел бәсекеге қабілетті қоғам негізі» тақырыбымен тұңғыш рет халықаралық оқу конгресі өткізілді. Аталған форум аясында «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастырылды.  Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі, ҚР ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар ассоциациясы. Акцияны ұйымдастыру комитетінің төрайымы – Қазақстан Халық жазушысы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Фариза Оңғарсынова. «Бір ел –  бір кітап» акциясы – ұлттық әдебиетіміздің үздік туындыларына ортақтаса оқуға арналған ауқымда шара. 
Жүргізуші:
  Бүгінгі  Қостанай инженерлік экономикалық университеті және №1 қалалық кітапхана  ұйымдастыруымен өткелі отырған «Мен саған сыр айтамын»  поэзия кешін ашық деп жариялаймыз. Әдеби кештердің   өтуі біздің мәдениетіміздің,  әдебиетіміздің  өркендеуіне жақсы әсерін  беретіні сөзсіз.
Жүргізуші:
Биылғы Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында        Атыраудың ару ақыны, «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иeгepi, Мәдени ағарту iciнe еңбегі сіңген қызметкер, Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабы оқылады. Ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналған акция шеңберінде оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. Ақынның отты жырларымен   танысуға жол ашады. 
Бүгінгі акцияға  келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейін:
1.     Қоғам қайраткері, ақын Ахметшін Ғұмар Ғарифұлы.
2.     «Таза бұлақ» қоғамдық қорының төрайымы. Бердалинова Ғанижамал Сайманқызы.
3.     М.Дулатов атындағы КИнЭУ қызметкері Куйшинова А.М.
4.     КИнЭУ және КТЭК оқу орнының оқытушылары мен студенттері.
Жүргізуші:
Енді алдыңғы өткен акцияларға және сол акцияға байланысты біздің кітапханамызда ұйымдастырылған іс-шараларға шолу жасап көрейік.
2007 жыл таңдауы – жаппай оқитын кітап ретінде дала данышпаны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» оқылып талқыланды.
2008 жыл қазақ әдебиетінің әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесі таңдалды.
2009 жыл «Бес арыстың» бірі ұлттық поэзиямызға өзіндік өрнегін ала келген сыр ақыны Мағжан Жұмабаевтың лирикалық шығармаларына арналады.
2010 жыл акция аясында оқуға таңдалған қазақтың белгілі ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы.
 2011 жыл  Көрнекті жазушы, ақын, драматург, публицист, аудармашы, әдебиет, психология, педагогика, өнер саласындағы бірқатар оқулардың авторы Ж.Аймаутовтың «Ақбілек» романы болды.
2012 жыл Көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, әдебиет саласының майталманы Оралхан Бөкейдің «Қайдасы4 қасқа құлыным» повесті.                                                             2013 жыл  Биылғы Республикалық  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабы оқылады. Ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналған акция шеңберінде оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады.
         Кітапхананың іс- шаралары дәстүрлі кітап көрмесімен жалғасады  Электронды кітап көрменің тақырыбы: «Поэзия падишасы» таныстырушы  Федас Л.А.
Келесі сөз кезегі «Мен саған сыр айтамын» поэзия кешінің қонағы  Ахметшін Ғұмар Ғарифұлы мен Бердалинова Ғанижамал Сайманқызына беріледі. «Бір ел бір кітап» акциясын жайында пікірлеріңіз.
Жүргізуші:
 Әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын. Ф.Оңғарсынова лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып орын алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын әсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы. Көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.
Сақталған сол елінде бар ризасы,                                                                                              Мақтанған Фаризамен кәрі- жасы.                                                                                           Апталған алтынмен фамилясы,                                                                                                                        Позия сандуғашы- Фаризасы
Ф.Оңғарсынованың өмір жолын айтады. КТЭК тің 1-курс студенті                 Хайрулина Диана.
Жүргізуші:
 XX ғасырдағы қазақ лирикасын XXI  ғасырға жалғаған биік рухты, ұлттық  ақынымыз, позия- сандуғашы Фариза Оңғарсынованың поэзиясы.  Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақырғандықтан ақын жырларында әлеуметшілдік пен азаматшылдық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Ақын өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Фариза Оңғарсынова бүгінгі күнге дейін Қазақстан поэзиясының дамуына өз үлесін қосып келеді, ол «Тұмар» республикалық әдеби-көркем журналының бас редакторы бола отырып, дарынды жас әдебиетшілерге қолдау көрсетіп келеді.
Ф.Оңғарсынованың  шығармашылығын айтады. КТЭК тің 1-курс студенті Ерментаева Айгул.

Жүргізуші:
 Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалынды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға  деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады. Ақын жырларына кезек берейік.
Ерментаева Айгул «Туған жер».
Ән «Япурай».
Ф.Оңғарсынова жайында естеліктер.  Куйшинова А.М.
Жүргізуші:
 Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.  Фариза ақынның мына бір жырларынан аңғаруға болады.   «Сыр айтамын»,  «Биография», «Жыр».
Теңізбай Айгерім «Сыр айтамын».
Амирова Айда «Жыр».
Жүргізуші:
Жеке бастың мұңшepi, оңаша сыры ғана емес, күрескер замандастың, әлеумет қайраткерінің, уақыт ауыртпалығын көтере алатын, өзі ic басында отырған азаматтың, ойлары, сезімдері жыр арқауы болған. Ақынның сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға  аян. Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық.                                                                                                       
КТЭК тің 1- курс студенттері:
Қойбағарова Мөлдір «Торғайдың торғын түндері»;
Мукашева Гулнұр «Мұқағали туралы жыр».
Жүргізуші: 
Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы – өлмейтін поэзия.
Қашанда биік, гүлден де нәзік жүрегі,
Санайды өзін Атыраудың ерке түлегі.
Күйттеген емес қамын жеп қара басының,
Халқының ғана бақытты жалғыз тілегі.
Алтын ханым,
Жырларың әркез сандуғаштай еркін сайрасын.
Күш қуат алып бозарып атқан таңдардан,
Фариза ақын! Қанаты жырың талмасын!
Ән «Фаризажан».
Келесі кездескеше Хош сау болыңыздар!


Пайдаланылған әдебиттер:

1. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы. Т.8. Эсселер, мақалалар [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова. – Астана : Атамұра, 2004. – 301, [3] б.                                                                                  2. Оңғарсынова, Ф. Он томдық шығармалар жинағы. Т.10. Аудармалар [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова. – Астана : Атамұра, 2004. – 364, [2] б.                                                                                                                              
3. Оңғарсынова, Ф. Дауа [Мәтін] : өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. – Алматы : Атамұра, 2002. – 288 б.           
4. Унгарсынова, Фариза. Нежность [Мәтін] : стихи / Фариза Унгарсынова. – Алма-Ата : Жалын, 1977. – 120 с.






Орындаған: Темирбаева Н.

Комментариев нет:

Отправить комментарий